385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада Еуразиялық әдеби форум өтеді

  • 110
  • UPD: 23:24, 29.08.2019
Елордада Еуразиялық әдеби форум өтеді

«Жайықтың ақ шағаласы» атанған ақын, қоғам қайраткері Ақұштап Бақтыгереева жуырда елордада өтетін Еуразиялық әдеби форумға қатысады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атамекенге деген махабат, тіл тағдыры, ұрпақ тәрбиесі секілді мәселелерді шығармаларына арқау еткен ақын алдағы айтулы шараның әдебиетсүйер қауым үшін маңызы зор екенін айтады. «Әсіресе, кейінгі жас буынға қажетті дүниелер аз болмасы анық», - дейді сөз зергері.

Ақұштап Бақтыгереева, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

- Бұл көптен ұмытылып қалған шара болатын. Өйткені Еуразия жазушыларының басқосуы деген үлкен қозғалыс болса керек. Біз бүгін әдебиетті оқымаймыз дейміз. Оқымаған күнде де бір серпіліс болса қоғамда. Жалпы әдебиетсіз, кітапсыз, өнегесіз өмірдің мәні жоқ, өмірдің мәні байлық немесе мансап емес. Оның бәрін адамдар дәлелдеген о бастан. Солардың есімі ғана жоғалмайды.

Хабар 24 телеарнасы