385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде байқау өтті

  • 156
  • UPD: 09:42, 30.08.2019
ШҚО-да «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде байқау өтті

Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде «Ұлы дала елі» атты байқау өтті.

Аталған сайысқа өндірістік шаһардағы жалпы орта білім беретін мектептер қатысты. 10 оқушыдан құралған топтар 3 кезеңдік жарыста сынға түсті. Бірінші кезеңде Қазақстанның киелі жерлері туралы бейнеүзінділер көрсетілсе, одан кейін қызықты сұрақтар сандықшасы және шығармашылық-іскерлік бағытында ойын ұйымдастырылды. Оқушылар туған жерге қатысты түрлі сауалдарға жауап беріп, нағыз тартысты сайыс көрсетті.

Дастан Оралғазин, мектеп оқушысы:

- Туған жер бағдарламасында осы біздің туған жеріміз туралы өзіміз тұрып жатқан өлкеміздің қыр-сыры туралы өзінік ерекшеліктері жайлы көптеген мәліметтер біліп алдық.

Хабар 24 телеарнасы