387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Швецияда қазақ кинолары көрсетілді

  • 150
  • UPD: 09:13, 03.09.2019
Швецияда қазақ кинолары көрсетілді Baq.kz

«Қазақфильм» киностудиясы Швеция Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының елшілігі және «Швециядағы Қазақстан жастары» ұйымымен бірлесе отырып, Стокгольмде 28 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Қазақ киносының фестивалін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақфильм» киностудиясының хабарлауынша, аталған мәдени іс-шара Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» фильмімен ашылған. Бұл тарихи кинотуындыны көрермендерге фильмде басты рөлді сомдаған актриса Алтынай Нөгербек таныстырды.

Сонымен қатар, фестиваль барысында Болат Қалымбетовтың «Талан», Тұрдыбек Майдан және Тілек Төлеуғазы түсірген «Мұзбалақ» анимациялық фильмі, Бақыт Қайырбековтың «Құтыда жанған алау» деректі фильмі, Ерлан Нұрмұхамбетовтің «Жаңғақ тал», Фархат Шәріповтың «Тұлғалық өсу тренингі», Әділхан Ержановтың «Түн құдайы» және Рүстем Әбдірашевтің «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмдері көрсетілді. Швецияның көрермендеріне отандық туындыларды «Қазақфильм» киностудиясының ресми өкілі, продюсер Диана Әшімова таныстырды.

Айта кетсек, фильмдердің барлығы тегін көрсетілді.

Еске сала кетсек, коммерциялық емес «Швециядағы Қазақстан жастары» ұйымының басты мақсаты – екі елдің достығы мен тығыз байланыстарын нығайту, сондай-ақ Швеция мен Қазақстан жастарының арасында мәдени диалог орналастырып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау. 

Хабар 24 телеарнасы