387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Жастар» театры Президент жолдауындағы бастамаларды қуанышпен қарсы алды

  • 140
  • UPD: 18:28, 03.09.2019

Мәдениет қызметкерлерінің беделін көтеруге арналған нақты шаралар қабылданады. Келесі жылдан бастап аталған сала өкілдерінің жалақысы көбеймек.

Сондай-ақ мамандар дайындауға да назар аударылады. Мемлекет басшысының жолдауында айтылған бұл жаңалықты «Жастар» театрының ұжымы қуанышпен қабылдады. Бұл туралы ой пікірлерін жолдауды талқылауға арналған қала активінің жиынында ортаға салды. Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев сала қызметкерлерінің еңбекақысы соңғы жылдары мүлдем көбеймегенін, соның салдарынан олардың жеңілдігі бар тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алмайтындығын атап өткен болатын.

Ернар Жұматаев, «Жастар» театрының директоры:

- Қасым-Жомарт Кемелұлы өз жолдауында айтып кетті актерлерге, мүғалімдерге үлкен бір сый деп айтсақ болады. Рухани бір жаңғырудан кейін бұл да бір жаңғыру деп айтсақ болады. Өйткені қазақтың өнер әлемі дамый түседі деп ойлаймын. Жалақы мәселесін де айтып кетті. Бұл актерлар үшін, әншілер үшін, мұғалімдер үшін болсын үлкен бір қолдау. Сондықтан қазіргі таңда жұмыс жасауымыз керек. Жұмыс жасалуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы