389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада өтетін форумға отыз сегіз елден қаламгер қатысады

  • 213
  • UPD: 21:45, 03.09.2019

Елордада ертең Азия елдері қаламгерлерінің тұңғыш форумы басталады. Алқалы жиынға 38 елден ұзын ырғасы 80-ге жуық жазушы келеді. Арасында Нобель сыйлығының номинанттары бар.  Талқыланар тақырып қандай? 

 Қазір «Абай жолы» оқылмайды. Белгілі жазушы, драматург Рақымжан Отарбаев кезінде осындай сыни пікір айтқан еді. Шынымен, ғаламтордың ғаламат дәуірі жүріп тұрғанда роман, көлемді шығармаларға сұраныс бар ма? Қазіргі оқырманға қажетті дүние не өзі? 

Дәулеткерей Кәпұлы, Қазақстан Жазушылар Одағы Нұр-Сұлтан қаласы филиалының төрағасы, ақын:

- Қазіргі оқырманға қажетті дүние не? Қысқа-нұсқа жаңағы уақытын алмайтын болмаса мынау интернет заманы, қолдағы телефоннан оқитын дүниелер керек деді. Бірақ ол әдебиет бола ала ма деген сауалдар осы былтырғы әдеби форумда айтылған. Биыл осы мәселе қозғалады.

Бұрын-соңды өтпеген жазушылар форумында талқыланар тақырып көп. Алтысына дейін жалғасатын әдеби жиын пленарлық отырыс пен 2 сессиядан тұрады. Екі бөлімде 11 спикер баяндама оқиды. Бесі күні TED.9 форматында арнайы шара өтеді. Спикерлер еркін форматта сұхбаттасады. Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет мәлімдегендей, мұқым Азияда қаламгерлердің басын қосқан мұндай форум бұрын-соңды өтпеген.  

Ұлықбек Есдәулет Қазақстан Жазушылар Одағының басқарма төрағасы: 

- Шынын айтқанда 1973 жылы сонау кеңес дәуірінде Азия-Африка жазушыларының бесінші конференциясы өткізілген Алмсаты қаласында. Ол кезде тек социалистік елдердің жазушылары шақырылған. Бұл жерде Жапония, Кореяның жазушылары шақыртылмаған. Ал, биыл соның бәрі шақыртылып отыр. 

Әдебиеттің шоқтығы биік, яғни мүйізі қарағайдай өкілдері жиылған кезде аталған форумды 3 жылда бір рет өткізу ұсынылмақ. Азия жазушылары комитетін құрып, штаб пәтерін Нұр-Сұлтан қаласында ашу керек. Бұл ертең көтерілетін екінші бастама. Қазақ туындыларын Азия елдерінің тілдеріне аудару бойынша да нақты ұсыныстар айтылмақ.

Қорған Төреқожа тілші:

- Қаламгерлер форумының аясында елордада қыркүйектің бесінде жазушылар аллеясы ашылмақ. Абай және Сембинов көшелерінің қиылысында. Алдағы уақытта бұл жерге хакім Абайдың бюсті қойылуы да мүмкін.

Авторлары: Қорған Төреқожа, Наурыз Базаров

Хабар 24 телеарнасы