387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қыдырәлі Болманов Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі болып тағайындалды

  • 201
  • UPD: 16:36, 04.09.2019
Қыдырәлі Болманов Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі болып тағайындалды inform.kz

Белгілі әнші Қыдырәлі Болманов Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қыдырәлі Болманов министрдің мәдениет саласы бойынша кеңесшісі болып тағайындалды», - деп хабарлайды ведомстводан.

Қыдырәлі Нұртайұлы Болманов 1964 жылы 19 мамырда Қарағанды облысы Ұлытау ауданында дүниеге келген. Әнші, продюсер, философия ғылымдарының докторы (Phd 2015). Қазақстан жастар одағы сыйлығының және Дарын мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Құрмет орденінің иегері (2013).

Естеріңізге сала кетейік, еліміздің танымал әншісі Мейрамбек Бесбаев Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың мәдениет саласы бойынша штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалған болатын.

Хабар 24 телеарнасы