Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 136
387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өнерде жүргендердің еңбегі еленіп, назарға алынғаны қуантады - Талғат Теменов

  • 127
  • UPD: 20:54, 04.09.2019

«Қарынның аштығын қара нан жеп басуға болады, ал рухани аштықты бір күнде баса алмаймыз.

Оған қажырлы еңбек пен ұзақ жылдар керек. Театр, музей, кітапхана осы рухани байлыққа, адамның жүрегіне, санасына қызмет ететін басты құрал. Сондықтан кешегі президент жолдауында өнерде жүргендердің еңбегі еленіп, назарға алынғаны қуантады» - дейді Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі Талғат Теменов.

Талғат Теменов, Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі:

Бүгінде осы киелі сахнада, киелі кітапханада, қасиетті мұражайда тек қана жүрек жұтқан батырлар ғана істейді. Актерлердің жалақысы өте төмен. Мына Ресейде жаңадан бітірген актерлердің жалақысы 500-600, он шақты жыл істеген актерлердің барлығы мың доллардан төмен алмайды. Олардың жалақылары өте жоғары. Өйткені өнер қашан да қымбат. Осы жастар қарызданбай, осы жастар несие алмай, осы жастар алған жалақысы өздеріне жететін болса, олар алаңсыз қызмет етеді. Сахнада олардың ойыны да сапалы болады. Көрермен аш актердің емес, тоқ актердің ойынын көргенде көрермен де рухани тойып қайтады.

Хабар 24 телеарнасы