389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Марат Тәжин Азия қаламгерлерімен жүздесті

  • 180
  • UPD: 23:33, 04.09.2019

Бүгін Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин Азия елдері қаламгерлерінің тұңғыш форумына келген жазушылармен жүздесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Делегаттар арасында Нобель сыйлығының номинанттары да бар. Атап айтсақ, кездесуге Катар жазушысы Моза аль-Малки, оңтүстіккореялық Ко Ын, Моңғолиядан Мэнд-Ооёо, Әзірбайжанның халық жазушысы Анар Рзаев, ресейлік жазушы әрі аудармашы Анатолий Ким және Қазақстанның халық жазушысы, ақын Олжас Сүлейменов қатысты. Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин өз сөзінде аталған форум еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өткізіліп отырғанын атап өтті. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың форумның ашылу салтанатында ұсынған тың бастамаларын іске асыру қажеттігін жеткізді.

Ал, меймандар Азия қаламгерлерінің форумы жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын тілге тиек етіп, әдеби шараның мән-маңызы зор екендігіне тоқталды.

Хабар 24 телеарнасы