386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміз Кореямен бірлесіп фильм түсірді

  • 118
  • UPD: 09:03, 05.09.2019

Оңтүстік Кореяда алғашқы қазақ-корей фильмінің түсірілімі аяқталды. Бұл белгілі комедияның төртінші бөлімі.

Біріншісі Қазақстанда, ал екінші бөлімі Америкада, кейінгісі Африкада түсірілген болатын. Туындының бас продюсері Нұрлан Қоянбаев бұл жолы неліктен Оңтүстік Кореяны таңдады? 

Дәстүрлі корей үйінде қазақша әңгіме, ал дастархан басында беспармақ. Екі ел мәдениетінің өзара байланысы жаңа фильмде көрсетіледі. Мұндай туындының пайда болуы кездейсоқ емес. Шынында да, бес жылдан бері екі ел арасында визасыз режим жұмыс істейді. Өзара сапарлардың саны өсуде. Алматы - оңтүстік кореялық туристердің арасында танымал, ал қазақстандық жастар кей-поп-әндерін тыңдайды. 

Нұрлан Қоянбаев, фильмнің бас продюсері:

- Корейлер мен жапондардың тамақтары бізге келетін сияқты. Және де бұлардың Корея телехикаяларын көрсек біздің дәстүрлермен ұқсастығы өте көп. Үлкенді сыйлау, кішіге ізет деген сияқты.  

Сеулдегі екі апта ішінде Нұрлан Қоянбаев корей тіліндегі негізгі сөз тіркестерін жаттап алды. 

Қоянбаев: Аннен деген, камсахамнида көптеген сөздердің аяғы созылады екен. Сериалдағы сияқты. 

Корей актері: Рақмет! 

Ли Се Чхан енді қазақ тілінде алғыс айта алады. Әйгілі оңтүстік кореялық актер он жеті телесериалда және жеті көркем фильмде ойнады. Оның айтуынша, қазақ киносындағы ролі ол үшін ең қиын және ерекше. 

Ли Се Чхан, актер:

- Фильмде мен Қазақстаннан келген корейдің ролін ойнаймын. Түсірілімге дейін мен сіздің еліңіз туралы аз білетін едім, тек бұрынғы Кеңес республикасы болғаны есімде. Ролімде ең қиыны - қазақша және орысша сөйлеу. 

Қазақстан мен Кореяның алғашқы бірлескен киносын қазақстандық корейлерсіз елестету қиын. Фильмде рольдердің бірін посткеңестік кеңістіктегі ең танымал корей актері Олег Ли ойнайды. 

Бірінші қазақ-корей фильмінің премьерасы осы жылдың аяғында Қазақстанда өтеді. Комедияны оңтүстік кореялықтар да көре алады. Интернетте олардың ана тілінде субтитрі бар фильм пайда болады. 

Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян

Хабар 24 телеарнасы