387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Төл мәдениетіміз Анкарада таныстырылды

  • 124
Төл мәдениетіміз Анкарада таныстырылды Түркістан

Түрік жұрты қазақтың ұлттық өнерімен және мәдениетімен сусындады.

Түркия астанасында «Қазақстанның мәдени күндері» өтті. Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің ұйымдастыруымен өткен іс-шарада Алматы қаласының өнерпаздары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Жастар жылына арнап концерттік бағдарлама қойды. Әсіресе анкаралық өнерсүйер қауым «Алатау» және «Отау» фольклорлық ансамблінің орындауындағы халық әндері мен дәстүрлі билерге ерекше қошемет көрсетті.

Сондай-ақ түрік ағайындар іс-шара аясында арнайы ұйымдастырылған көрмені тамашалап, аста-төк ұлттық мәзірімізден дәм татты.

Әйгерім Сенбаева, Алматы қаласы мәдениет басқармасының бас маманы:

– Алматы қаласы әкімдігінен «Алатау» фольклорлық ансамблімен «Анадолы күндері» мәдениет фестиваліне қатысу үшін келдік. Түркі халқы бізді ыстық ықыласпен қарсы алып жатыр. Біз осындай шараға қатысып жатқанымызға өте қуаныштымыз. Қазақ пен түрік халқының бауырластығы жасай берсін.

Кадир Озан, қала тұрғыны:

– Жылда өтетін «Анадолы күндері» мәдениет фестивалін асыға күтеміз. Іс-шара аясында туыстас халықтардың өнерін тамашалап, марқайып қаламыз. Бүгінгі кеште бізге көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған қазақ бауырларымызға алғыс айтамын.

Хабар 24 телеарнасы