386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында «Нұрсұлтан Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» қор көрмесі ашылды

  • 160
  • UPD: 14:33, 06.09.2019
Жамбыл облысында «Нұрсұлтан Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» қор көрмесі ашылды

«Нұрсұлтан Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» қор көрмесі Жамбыл облысында. Бүгін облыстық тарихи-өлкетану музейінде көшпелі көрменің ашылуы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көпшіліктің назарына Елбасының жеке мұрағаты мен кітапханасынан, музей қорларынан сирек кездесетін тарихи дүниелер ұсынылды. Төрт бөлімнен тұратын көрмеде Тұңғыш Президенттің жоғарғы мемлекеттік марапаттар коллекциясы, мемлекет басшылары мен беделді жазушылардың қолтаңбасы бар басылымдар, Елбасының шет тілінде жарық көрген еңбектері әулиеаталықтарға алғаш рет таныстырылды. Оны көруге бірінші күні-ақ 1500-ден астам адам жиналды. 2017 жылы бастау алған шара Алматы, Шымкент қалалары мен Түркістан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында өтіп, бірегей экспонаттар 900 мыңға жуық тұрғынға таныстырылған. Енді жоба Жамбыл облысында қазан айының соңына дейін жалғасады.

Әмірхан Рахымжанов, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры:

- 90-жылдардан бастап біздің қорда жатқан деректерді, оның ішіндегі архивтік материалдар бар, фото суреттерді жинап, бірнеше айдың ішінде алып келіп, сол ауданға көрсетеміз. Балалар өз көзімен көріп, мектепте оқыған табельдері және сол кездегі шыққан мәліметтер арқылы кейбір нәрселерді үстіне киіп көріп, бір ерекше әсер алады.

Ауқымды шара «Елбасының тарихи миссиясы: жаһанданған әлемдегі қауіпсіздік пен тұрақтылық» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға жалғасты. Оған Германия, Португалия, Қырғызстан, Өзбекстан елдеріндегі жоғарғыоқу орындарының ұстаздары, докторанттары мен студенттер, зиялы қауым өкілдері қатысты. Меймандарға Елбасы жеке кітапханасының жинақтарынан алынған бірегей 100-ден астам басылым мен фотоқұжаттары таныстырылды.

 

Хабар 24 телеарнасы