386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда облыс аудандарының тарихынан сыр шертетін көрме өтіп жатыр

  • 119
  • UPD: 14:50, 06.09.2019
Павлодарда облыс аудандарының тарихынан сыр шертетін көрме өтіп жатыр

Павлодардың Григорий Потанин атындағы тарихи өлкетану музейінде облыс аудандарының көрмесі өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолы қала тұрғындары шежіреге толы Май ауданының өткенімен, бүгініне куә болды. Көрмеге қойылған жәдігерлер қатарында аудан тарихынан сыр шертетін құнды деректер, оның өсіп-өркендеуіне үлес қосқан азаматтар туралы мәліметтер, фотосуреттер мен мұрағаттық материалдар бар. Май ауданы әйгілі Қалмақ қырылған тауымен де танымыл. Жоңғар шапқыншыларына қарсы шешуші шайқас осы таудың етегінде болған деседі. Семей ядролық полигоны да аудан халқының жадына өшпес із, ауыр жара салғаны белгілі. Сонау 90-жылдардың басында ядролық сынақтарды тоқтатуды талап еткен бастамашыл топ Мәскеуге арнайы барған. Олардың есімі «Невада-Семей» қозғалысының алғашқы белсенділері ретінде тарихта қалды.

Күләш Абылқасова, мәдениет саласының ардагері:

- Халық енді ауруға шалдыққасын кезінде «сол мәселені көтерейікші» деп бір топ азамат бірігіп, 90-жылдары ол кездегі КСРО-ның астанасы Мәскеуге осы Павлодар облысынан 7-8 азамат өздері бір топ болып барып, Кремльге сол кездегі КСРО Қорғаныс министріне кіріп, кезінде осы полигоннан зардап шеккен халықтың мұң-мұқтажын жеткізді.

Марат Ақтаев, Май ауданының әкімі:

- Жастарға деген, жастардың сана сезімін оятуға деген бұл дара тұлғаларды насихаттау өз әсерін беретініне сенімдіміз. Сол дара тұлғалардың ішінде Ақбалық Хазірет, жаңағы батыр бабаларымыз Малайсары, Олжабай батыр тағы да басқа батырларымыз бар және де ерекше айтып өтетіні – ол жаңағы сакралды жерлер. Ол – Қалмақ қырылған тауы. Бұл жер енді бүгінгі күні өздеріңіз білетіндей, ерліктің шежіресіне айналған тау, тарихы мол.

Хабар 24 телеарнасы