387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты конференция өтті

  • 164
  • UPD: 22:46, 06.09.2019
Өскеменде «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты конференция өтті

Өскеменде «Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі» атты  халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Осымен 5-мәрте өткізіліп отырған басқосуда «Археология саласындағы ғылыми зерттеулерді дамыту» бағдарламасының 4 жылғы  нәтижесі қорытындыланды.

Археолог-ғалымдар зерттеулер барысында ашқан дүниелерін ортаға салып, жаңалықтарымен бөлісті.

Үржардағы қорымдар,Берел қорғандары,Шілікті, Елеке сазы сынды бірнеше алқаптардан табылып жатқан  тарихи құндылықтар бүгінде төрткүл дүниеге мәлім. Сондықтан болар бұл басқосуға Түркия, Франция Жапония сынды елдердің ғалымдары ерекше ықыласпен қатысады.

Сайто Нарайя, университеті генетика ұлттық институтының профессоры /Жапония/:

- Біз Берел қорғандарынан табылған патшаның геномын зерттедік. Бір таңқаларлығы оның генетикалық коды тек қазақтарға ғана емес түріктерге, тіпті Шығыс Азия елдері соның ішінде жапондарға жақын болып шықты.

Биыл археологтардың олжасы аз болған жоқ. Елеке сазынан сақ дәуіріне  жататын  алтын бұйымдардан тұратын 500 артефакт  табылды.

Әбдеш Төлеубаев, археолог, тарих ғылымдарының докторы:

- Бір керемет нәрсе, осы Елеке сазының материалдары көп жағынан шіліктінің артефактарын, деректерін қайталап,екі мәдениеттің екі алқаптағы жаралған сақ мәдениетінің  ортақ екенін дәлелдейді.

Өскеменнің іргесіндегі Ақбауырға да тарих қатпарынан жеткен  деректер көп екен. Ол жерде сақ тайпаларының ежелгі қонысы болғандығы анықталды. Осылайша ата-бабамыздың шаруашылықтың түр-түрін меңгергенінен  хабар беретін дәлелдер саны артты. Археологиялық зерттеулер саласындағы бұл жетістіктерге өлкедегі арнайы бағдарлама серпін беруде.

Әсем Нүсіпова, облыс әкімінің орынбасары:

- Бұл ғылыми зерттеулерге жалпы 600 миллион теңгеге жуық қаражат жаратылды.Оның нәтижесіне өздеріңіз куәсіздер. Біз 25 мыңнан астам артефакт  таптьық.

Зерттеулер одан әрі жалғасады. Өйткені археологтар облыста  әлі де ерекше тарихи жаңалықтар боларына сенімді.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Аслан Төлепов

Хабар 24 телеарнасы