386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көркем әдебиетке аудармашылар қажет – Якуб Омероглу

  • 147
  • UPD: 22:57, 06.09.2019
Көркем әдебиетке аудармашылар қажет – Якуб Омероглу

Көркем аударма жасайтын аудармашалар дайындалуы қажет. Елордаға келген Азия елдерінің қаламгерлері осылай дейді. Зиялылардың айтуынша, әдеби кітаптар бұрын бір тілден бірнеше тілге аударылды. 

Бұл уақыт алып, сөздің сапасын кетіреді. Егер әдеби аудармашылар дайындалса, кез келген тілге тура аударылар еді дейді. Сонымен қатар қаламгерлер форумның маңыздылығын ескере отырып, осы шараны дәстүрлі түрде Азия елдерінің бірінде үш жылда бір рет өткізіп тұруды ұсынды. Бүгін Азия елдері қаламгерлерінің басын қосқан тұңғыш форумының салтанатты жабылу рәсімі өтті.  Шара барысында отандық және әлем жазушыларына арнайы марапат пен естелік сыйлық табысталды. Жиын соңында жазушылар өздерінің үндеуін жолдады. Онда «бұл елдердің классикалық және заманауи әдеби туындыларының алтын сандығына айналар ортақ  электронды кітапхана жасаудың уақыты келді» делінген. Жазушылар осы және бірқатар маңызды мәселелерді көтерді. Нұр-Сұлтан қаласындағы жиынға Азия құрлығындағы  38 мемлекеттен 80-ге жуық қаламгер келді. 

Якуб Омероглу, Түркия жазушылар одағының төрағасы:

- Бұл Нұр-Сұлтанда болған тарихи форум жалғасса Азия мемлекеттері үшін, бәріміздің әдебиетіміз үшін жақсы нәтиже береді. Бізге аудармашылар дайындау керек. Сол анық ортаға шықты. Аударушы көркем аудармаға көтеріліп, солардың сапасын жақсарту керек.

Хабар 24 телеарнасы