386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда «Фариза» спектаклінің премьерасы болды

  • 222
  • UPD: 00:06, 07.09.2019

Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік драма театрында «Фариза» спектаклінің премьерасы болды.

Поэзия падишасы Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған қойылым заманауи техниканың көмегімен сахналанды. Сыршыл да шыншыл ақынын сағынған жұрт қойылымнан үлкен әсер алып қайтты. 

Жырлап өтем,

белді будым алдағы сынға бекем,

арпалысам, асудан-мұңнан өтем.

Сізге жетер жолымда кешем бәрін.

мені тоқтата алмайды тұлға бөтен.

Арпалыссыз, армансыз, мұңсыз күндер -

жайбарақат тірліктің құндағы екен.

Соның бәрін, бәрін де сезімімнің,

сезіміңнің жолында құрбан етем! 

Жыр әлемінде өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленген  Фариза Оңғарсынованың  өлеңдерімен сусындап өстік. Өйткені, қазақтың әр қызы өзінің көңіл түкпіріндегі сезімін Фариза өлеңдерінен іздейді. Поэзия падишасын сахнаға шығару туралы ой үш жыл бұрын келген еді- дейді идея авторы Айнұр Көпбасарова. 

Айнұр Көпбасарова, идея авторы:

- Фариза Оңғарсынова қаншалықты жұмбақ адам болса  бұл қойылымның өзі соншалықты мистикаға толы қойылым. Өйткені бір тылсым күш Фаризаның жұмбақ дүниесін ашу. Фариза өз өлеңдерінде ішкі драмасын трагедиясын поэзияға, поэзиясын философияға айналдырған дара  ақын. 

Қойылымда заманауи технология қолданылған.  Сахнада айтылар ойға сай сахналық безендіру мен компазитор Ринат Гайсин жазған музыка да көпшілік көңілін дөп басқандай.  Продюсерлік орталықтың тапсырысымен пьесаны драматург Роза Мұқанова жазып шыққан. Ал басты кейіпкер Фариза рөлін Әуезов театрының актрисасы Назгүл Қарабалина ойнады. Қойылымның режиссері Фархат Молдағалиев, біз кейіпкерлердің портреттік бейнесін емес ішкі жан дүниесін ашуға тырыстық, дейді. 

Фархат Молдағалиев, қойылым режиссері:

- Бұл спектакльде ең бірінші ерекшелігі бұл Қазақстанда болмаған жағдай бес театрдың басын құрап отырған спектакль. Бұл жерде енді жаңа технологияларды қолданып, жаңа басқаша дыбыс шығаратын біздің өзіміздің сондай техникалық жағынан да өте жақсы жабдықталған спектакль.  

Көркемсөз майданында ғана емес саясат сахнасында да өзіндік ізі қалған  Фариза Оңғарсынова есімі ел есінде мәңгі сақталатыны сөзсіз. Алғашқы қойылымынан-ақ көрерменнің көңілінен шыққан  «Фариза» спектаклі енді қазан айында Мәскеу сахнасында  қойылмақ.

Авторлары: Жандос  Айтбайұлы, Ұлан Нарынбек, Нұрдаулет Жақсыбаев

Хабар 24 телеарнасы