389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәскеуде Қазақстанның Ресейдегі мәдени күндері басталады

  • 248
Мәскеуде Қазақстанның Ресейдегі мәдени күндері басталады

Мәскеуде Қазақстанның Ресейдегі мәдени күндері басталады.

Шара аясында еліміздің танымал эстрада жұлдыздары бен шығармашылық ұжымдары өз өнерлерін паш етеді. Сондай-ақ қазақстандық кинематографтардың үздік туындылары көрсетіліп, ұлттық музей жәдігерлерінің көрмесі өтеді. Ауқымды халықаралық мәдени жоба сенбі күні гала-концертпен ашылады. Мәскеуде өткен баспасөз маслихатында Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымкұлова мен шығармашылық жобаның авторлары өз бағдарламаларын таныстырды. Мәскеу тұрғындарына «Астана опера» мен «Астана Балет» театрлары, Қазақстан халық әртісі Әлібек Дінішев және «Голос.Дети» тележобасының жеңімпазы Данелия Тулешова өнер көрсетеді. Ал гала-концерттің өзі Мәскеудің Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіндегі Қазақстанның жаңғыртылған павильоны алдында өтеді.  

Михаил Швыдкой, РФ президентінің халықаралық мәдени ынтымақтастық бойынша арнайы өкілі:

– Бұл – жаңадан салынған заманауи павильон. Ол Қазақстан мен қазақ халқының терең тарихымен қатар елдің болашаққа ұмтылысын айғақтап отыр. Тәуелсіздіктің 28 жылында Қазақстанда таңқаларлық өзгерістер болған. Елдеріңіз заманауи өнерін көрсетіп отыр, бұл өте маңызды деп санаймын. 

Ақтоты Райымқұлова, ҚР мәдениет және спорт министрі:

– Басты мақсат - тыңдармандарды еліміздің жаңа жетістіктерімен, Қазақстан өнерінде болып жатқан үрдістермен таныстыру. Өз жағынан біз мәдениет, спорт және туризмнің бүкіл салаларында шығармашылық байланыстарымызды кеңейтуге әрқашан дайынбыз және бәрін Қазақстанға шақырамыз.

Хабар 24 телеарнасы