386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетауда термешілер байқауы өтті

  • 168
Көкшетауда термешілер байқауы өтті

«Текті сөздің төресі – терме» атты шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Жастар жылына орай ұйымдастырылып отыр.

Оған аймақтың аудандарынан 13 жыршы-термеші қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, термешілер байқауы биыл екінші рет өткізілуде. Әрі былтырғыға қарағанда қатысуға ниет білдірушілер де көбейіп, көрермендердің де қатары артқан. Жас термешілер қазақ еліне танымал термелермен қоса жаңадан жарық көрген тың туындыларды да орындады. Облыстық байқаудың жеңімпазы алдағы қазан айында Қызылорда қаласында өтетін республикалық термешілер байқауына қатыспақ.

Динара Томпышева, облыстық ішкі саясат басқармасының бас маманы:

– Терменің тағылымдық, тәрбиелік мәні зор. Сондықтан жастардың арасында насихаттайық, жастарға үлгі болсын деп, осындай байқауларды ұйымдастырып отырмыз. Биылғы жылдың Жастар жылы деп жариялануына және Сүгір жырау Бегендікұлының 125 жылдық мерейтойына арналған тақырыптық бағыттағы шығармаларды орындау ұсынылған болатын жастарға».

Гүлім Құдысбек, қатысушы:

– Қоржынымда негізі 10 шақты терме бар. Әрине мен Арқаның әншісі болған соң Арқаның әндерін орындаймын.

Хабар 24 телеарнасы