386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жезқазғанда халықаралық күйшілер байқауы өтті

  • 91
  • UPD: 08:43, 09.09.2019
Жезқазғанда халықаралық күйшілер байқауы өтті

Қарағанды облысының Жезқазған қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Кетбұқа жырау атындағы халықаралық күйшілер байқауы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шыңғыс ханның кеңесшісі, Жошының ақылшысы болған тарихи тұлғаның «Ақсақ құлан» күйін білмейтіндер кемде-кем. Өмір жолы Ұлытау өңірімен байланысты абыздың атындағы күй жарысына Қытай мен Моңғолиядан және еліміздің барлық өңірінен 17 өнерпаз қатысты. Жалпы Кетбұқа – ержүрек қолбасшы, кемеңгер би ғана емес, соңынан өлмес мұра қалдырған даңғайыр күйші. Оның күй мұрасы бүгінде кешенді зерттеуді қажет етеді. Мәселен, Шыңғыс ханға Жошы өлімін жеткізген «Ақсақ құлан» күйінің өзі қазір бірнеше нұсқада, түрлі аспаппен орындалып жүр. «Ал біз білмейтін шығармасы қаншама», - дейді мамандар.

Мұстафа Еркінбек, байқауға қатысушы (Моңғолия):

Бес жасымнан бері осы домбыра аспабымен айналысамын. Моңғолиядағы күй жарыстарына қатысқанмын. Осы Қазақстандағы байқауға алғаш келуім. Кетбұқа би атындағы жарысқа келгеніме өте қуаныштымын. Отызға тарта күй білемін. Бүгін «Құройнақ» деген күйді арнайы осы сайысқа әкеліп отырмын.

Жамбыл Артықбаев, тарих ғылымдарының докторы, профессор:

- Шыңғысхан әулетін патшалыққа тәрбиелеген, аталық қызмет атқарған. Жошының жанында болған. Одан кейін Құлағу ханның жанында Таяу Шығысты, Египетке дейінгі жерді бағындыруға қатысқан. Қазақ жадында Кетбұқа ұлы жырау есебінде қалды. Көп заманда қазақ жыраулары Кетбұқаны үлгі тұтты.

Хабар 24 телеарнасы