385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жастар театры халықаралық фестивальге қатысады

  • 108
Жастар театры халықаралық фестивальге қатысады

Елордалық Жастар театры 23-28 қыркүйек аралығында Қырғызстан Республикасының Ош қаласында өтетін ҚР Халық әртісі Жамал Сейдакматованың 80 жылдық мерейтойына арналған Art-Ordo VII халықаралық театр фестиваліне қатысады.

Театр байқауда Ш.Айтматов, О.Бөкей, Р.Мұқанованың «Ғасырдан да ұзақ күн» қойылымымен бай сынайды. Туындының қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай.

Айта кетсек, Жастар театры 2008 жылы да осы фестивальге қатысып, Шыңғыс Айтматовтың «Жан азабы» қойылымымен бас жүлдені жеңіп алған болатын, деп хабарлайды Жастар театрының баспасөз қызметі.

Сонымен қатар елордалық театр 3-6 қазан күндері  Петропавл қаласына гастрольдік сапармен барып, өз қойылымдарымен көрерменді қуантпақ.

Дайындаған: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы