387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Жібек жолы – диалог алаңы» халықаралық экспедициясы елге оралды

  • 172
«Жібек жолы – диалог алаңы» халықаралық экспедициясы елге оралды

«Жібек жолы – диалог алаңы» халықаралық экспедициясы елге оралды.

Жиһанкездер Өзбекстан мен Қырғызстанның бірқатар тау-тасын аралап келді. Сапар 13 күнге ұласқан. Нәтижесінде жаңа туристік бағыттар анықталды. Соның арқасында иллюстрацияланған жолнұсқа жасалады. Барлық мәлімет Өзбекстан мен Қырғызстанның және өзіміздің туристік операторларға беріледі. Жалпы алдағы уақытта Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан үш елге ортақ туристік бағыт құру көзделіп отыр. Ұсыныс та жасалды. Сондықтан бұл экспедиция аталған идеяны жүзеге асыру үшін ұйымдастырылған. Бірақ оның іс жүзінде орындаларын уақыт көрсетпек.

Тимур Дүйсенғалиев, «Kazakh tourism» ҰК АҚ төрағасының орынбасары:

– Жібек жолымен экспедиция ұйымдастыру бұл көптен күткен іс болатын. Бұл – туристік әлеуетімізді көрсететін жаңа бағыт. Инфрақұрылымымызды да өзге жұртқа таныта аламыз. Яғни біз экспедиция жасай отырып, қандай жерлерді туристік мақсатта пайдалануға болатынын анықтаймыз. Сапарымыз нәтижелі болды. Алдағы уақытта жаңа туристік бағыттарды ұсынамыз.

Хабар 24 телеарнасы