387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Отандық режиссер түсіретін фильмінің бюджетін 200 мың доллардан асырмауға тырысады

  • 219
  • UPD: 22:01, 12.09.2019
Отандық режиссер түсіретін фильмінің бюджетін 200 мың доллардан асырмауға тырысады

Қазақстандық режиссерлер өздерінің фильмінің бюджетін 200 мың доллардан асырмауға тырысады. Өйткені одан асса шығын ақталмайды.

Ал мұндай қаржыға әлемдік нарыққа шығаратын кино түсіру қиын. Бұл туралы Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Гүлнәр Сәрсенова мәлімдеді. Сондай-ақ оның айтуынша, елімізде кино өнерінің төңірегінде жүрген ат төбеліндей ғана адамның тиісті академиялық білімі бар. Ұлттық кинематографияны қолдау үшін құрылған орталық болашақта кәсіби продюсерлер мен сценарий авторлары және режиссерлардың жобаларына басымдық беретін болады. Былтыр еліміздің кинотеатрларында көрсетілген 374 фильмнің тек 44-і ғана қазақстандық режиссерлердікі. Қазақ киносының көсегесін көгертудің бір жолы – кинотеатрлар билетті тек электронды түрде сату керек, дейді мамандар.

Олжабай Мұсабеков, «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» ҰАҚ басқарма төрағасының орынбасары:

- Сатқан билеті компьютерге түседі. Оны жалғыз біз емес оны дүниежүзінде бәрі көріп отырады. Сол американецтер көріп отырады. Бізге жақсысы өзімізге тексеріп отыруға. Екіншіден, мысалы, басқа шетелдің компаниялары қарап отырып мына қазақтың фильмі өз елінде мұндай ақша жинаған болса, көп жинағанын көрсетсе әрине ертең олардың дистрибьютері біздің фильмді сатып алады өзіне көрсету үшін.

Хабар 24 телеарнасы