389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда шешендер мен ингуштардың мәдениетіне арналған шара өтті

  • 390
  • UPD: 23:58, 12.09.2019
Алматыда шешендер мен ингуштардың мәдениетіне арналған шара өтті

Алматыда «Қазақстан вайнахтары: «Бірлік пен жасампаздық» атты Қазақстанның шешен және ингуш этностарының мәдениет және салт-дәстүріне арналған мерекелік шара өтті.

Жиын барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев этномәдени бірлестік жетекшілерімен, Ассамблея мүшелерімен кеңес өткізді. Мемлекет басшысының халыққа Жолдауы негізінде Ассамблея алдына қойылған міндеттермен таныстырып, оны жүзеге асыру жолдарын көпшілік талқысына салды. Үкіметтік емес ұйымдардың рөлін арттыру, мемлекеттік тілдің этникааралық коммуникация тілі ретіндегі рөлін бекіту мәселесі қаралды. Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойын және Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтуге байланысты Ассамблея тарапынан ұйымдастырылатын іс-шаралар талқыланды. Шешен және ингуштардың салт-дәстүріне арналған мерекелік шара кітап және фотокөрме, ұлттық тағамдар фестиваліне ұласты.

Юсуп Келигов, ҚХА төрағасының орынбасары:

- Бүгінгі фестиваль біздің мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді көрсету үшін ұйымдастырылды. Біз қазақ халқының бір бөлшегіміз. Осыдан 75 жыл бұрын тағдыр тәлкегіне түсіп осында қоныс аудардық. Қазір міне бейбітшілік пен татулықта өмір сүріп келеміз.

Хабар 24 телеарнасы