389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар» арнасы Сentral Аsia’s got Talent шоуын көрсетеді

  • 243
«Хабар» арнасы Сentral Аsia’s got Talent шоуын көрсетеді

Осы жексенбі, яғни 15 қыркүйек күні «Хабар» телеарнасы Орталық Азиядағы ең ауқымды жоба –  Central Asia’s Got Talent (Орталық Азия таланттарды іздейді) шоуын көрермен назарына ұсынады.

Алғаш рет Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанның өнерпаздары бір сахнада бақ сынайды. Жеңімпаз 10 миллион теңге қаржылай сыйлыққа ие болады. «Таланттар шоуының тұсаукесері жексенбіге жоспарланған және көрермендер тағатсыздана күтіп жүргеніне сеніміміз мол.

«Хабар» агенттігі осынау бірегей жобаның бастамашысы болды, сондықтан, біз, бұл байқау Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінің көрермендері үшін көптеген жаңа талантты адамдарды ашады және танытады деп ойлаймыз. Әлемдегі ең танымал формат енді біздің аймағымызда» – дейді «Хабар» телеарнасының бағдарламалар директоры Айкүміс Сексенбаева.

Central Asia’s Got Tale 5 кезеңнен тұрады. Іріктеу, ашық тыңдалым, ширек финал, жартылай финал және Гранд финал.

Жобаның Бас жеңімпазынан бөлек, төрт елден жеңімпаз анықталып, қаржылай сыйлыққа ие болады. Шоу төрт мемлекетте «Хабар», «Zoʻr TV», «КТРК» және «ТВ Сафина» телеарналарынан көрсетіледі. Байқауға Нұрлан Абдуллин (Қазақстан), Гүлнұр Сатылғанова (Қырғызстан),  Ситора Фармонова (Өзбекстан) және Аловуддин Абдуллоев (Тәжікстан) төрелік етеді. Central Asia’s Got Talent шоуының жүргізушілері: Кумар Лукманов,  Еркебұлан Мырзабек (Қазақстан), Эркин Рыскулбеков (Қырғызстан), Бехруз Насриддинов (Тәжікстан) және Тимур Алиев (Өзбекстан). Got Talent – Fremantle британдық компаниясының форматы. Авторы Саймон Коуэлл. 2006 жылдың маусым айында телебайқау «America’s Got Talent» деген атпен Америкада жарыққа шықты.

Осы уақытқа дейін лицензия арқылы формат әлемнің 70 елінде жүзеге асырылған.

2014 жылдың сәуір айында Got Talent әлемдегі ең сәтті телевизиялық формат ретінде Гиннесстің рекордтар кітабына енді. Дәл сол кезде телебайқаудың франшизасы әлемнің 58 елінде көрсетілген. 

Хабар 24 телеарнасы