389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда II халықаралық Almaty Film Fest кинофестивалі басталады

  • 280
  • UPD: 19:06, 14.09.2019

Алматыда II халықаралық Almaty Film Fest кинофестивалі басталады.

Қала күніне орайластырылған бұл халықаралық шара кешке салтанатты түрде ашылады. Оған дейін қонақтар мен қатысушылар Республика сарайының алдына төселген қызыл кілеммен жүріп өтеді.

Алуа Маханбет, тілші:

– Республика cарайының алдындағы Абай алаңында тұрмыз. Мұнда Абай ескерткішінен бастап, Республика сарайына дейін қызыл кілем төселген. Онымен ІІ Халықаралық Алматы кинофестиваліне келген қонақтар мен қатысушылар жүріп өтпек. Жалпы бұл халықаралық фестивальға Америка Құрама Штаттары, Үндістан, Қытай, Еуропа, Жапония сынды 30-дан астам елдерден кино өнерінде өзіндік қолтаңбасы бар арнайы қонақтар шақырылған. Сондай-ақ бүгін бұл қызыл кілемнің үстінен Асанәлі Әшімов, Досхан Жолжақсынов, Самал Еслямова сынды есімдері әлемге танымал отандық өнер адамдары да жүріп өтеді. Кинофестивальдің ресми ашылу салтанаты кешкі сағат 19:00-де басталады. Онда қала әкімі Бақытжан Сағынтаев пен Алматы кинофестивалінің бас продюсері Ақан Сатаев сөз сөйлейде деп жаспарланып отыр. Және де көпшілік қауымға режиссер Олег Степченконың «Айдаһар таңбасының құпиясы» картинасы көрсетіледі. Айта кету керек, бұл – әлі әлемдік прокатқа шықпаған туынды. Ал 7-күнге созылатын халықаралық кинофестиваль аясында түрлі байқаулар және шеберлік сабақтары өтеді. Сондай-ақ фестиваль соңында 5 номинация бойынша жеңімпаздар анықталады. Яғни осы кинофестиваль аясында байқауға түскен 12 фильмнің үздігіне бас жүлде беріледі. Және ең үздік актер, үздік актриса, үздік режиссер мен қазылар алқасының арнайы сыйлығына лайық туынды анықталады.

Хабар 24 телеарнасы