389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана балет» театры Лондон көрермендерінің көңілінен шықты

  • 208
  • UPD: 20:30, 15.09.2019

«Астана балет» театрының Лондондағы концерттерінде ине шаншар жер болмады. Британдық көрерменге неоклассикадан бастап, заманауи және ұлттық хореографияға дейінгі түрлі жанрдағы қойылымдар ұсынылды. Арасында кезінде Англияда дау тудырған бір актілі балет бар. Ол қандай қойылым? 

Ғалымжан Қараманұлы, тілші:

- Балетке билет жоқ. Осыдан бірнеше ай бұрын қойылым болатын үш күннің де билеттері түгел сатылып кеткен. Балет труппасының гастрольдері әйгілі Ковент Гарден корольдік театрында өтіп жатыр. Өнер кешін театрдың белді туындысы «Ұлы дала мұрасы» концерттік бағдарламасы ашты. 

Оскар Уайлд пьесасы бойынша жазылған бір актілі «Саломея» балеті - ең сәтті қойылған туындылардың бірі. Кезінде Англияда осы Інжіл әпсанасын сахналауға ұзақ уақытқа дейін тыйым салынған еді. Енді бүгін қазақстандықтар осы балетті алғаш рет шетел көрермендерінің назарына ұсында. Негізі сахна балетке арналмаса да, қойылымдар ойдағыдай өтті.

Мукарам Авахри, театрдың бас балетмейстері:

- Спектакльдерімізді бұл сахнаға бейімдеудің кейбір қиындықтары болды. Дегенмен оны кедергі деп санамадық,  әртістердің шеберлігі әлгі олқылықтың орнын толтырып кетті.

Фархад Буриев, театрдың премьері:

- Еуропада жақсы қабылданатын ең басты құндылығымыз – ол ұлттық би. Бізде  классикалық өре әрі орындаушылық қабылеті бар екенін мұндағы ел түсінді әрі жылы қабылдады.

Шынында да қазақ халқының бай мәдениеті мен көп ғасырлық тарихын бейнелейтін хореографиялық композициялар көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Олар Ұлы даланың өнерімен тыныстады.

Баронесса Эмма Николсон, көрермен: 

- Би де, бишілер де керемет сұлу екен, санамда қалып қойды. Енді ұмытуым екіталай. Ғажап! Қандай керемет балет?!

Бұл «Астана балет» театрының Біріккен Корольдік астанасындағы алғашқы гастрольдік сапары. Және британдық көрермен оның соңғы болмауын қалайды.

Авторы: Ғалымжан Қараманұлы

Хабар 24 телеарнасы