389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ сазгері елімізге қобызды тарту етеді

  • 214
  • UPD: 22:15, 15.09.2019
АҚШ сазгері елімізге қобызды тарту етеді

Америкалық тарихшы, сазгер Фредерик Старр еліміздің мұражайына 18-ғасырдағы қобызды сыйға тартпақ. Вашингтонда тұратын Старр бұл аспапты өткен ғасырдың 90-жылдары Оңтүстік Қазақстанға сапары кезінде олжалаған.

Содан киелі аспапты АҚШ-қа алып кетіп, оны өзінің мұражай үйінде сақтап келген. Ондаған кітаптың авторы Қазақстанның дамуын үнемі бақылап отыратынын айтады және алдағы уақытта Орталық Азияға тағы бір мәрте саяхат жасамақ.

Фредерик Старр, тарихшы, сазгер:

- Осыдан 27 жыл бұрын мен Қазақстанның оңтүстігіне саяхаттап барғанмын. Содан Шымкент қаласына жақын жердегі ауылдан бір қарт адамды кездестіріп, оның қолынан осы қобызды көрдім. Сол кезде Италиядан келген саяхатшы ұлттық аспап туралы әлгі қарттан сұрай бастады. Италия азаматының қобыз туралы түсінігі таяз екенін байқап, қартқа былай дедім: «Сіз бұл қобызды маған беріңіз. Мен оны Америкада сақтап, кейін Қазақстанға қайтарамын». Ол кезде қиын уақыт болды ғой. Сондықтан әлгі қарт аспапты сатуға келісті. Міне бұл аспаптың тарихы осындай.

Хабар 24 телеарнасы