389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауы өтеді

  • 357
  • UPD: 10:54, 16.09.2019
Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауы өтеді inform.kz

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тіл саясаты комитеті 20 қыркүйекте дәстүрлі Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Байқаудың мақсаты – қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөздік қорын насихаттау, Абай және басқа да қазақ әдебиеті классиктерінің шығармаларын орындау арқылы қазақтың көркем әдебиетіне жастардың ықыласын арттыру. Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауына еліміздің облыстарында және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында өткізілген өңірлік конкурстардың 17 жеңімпазы қатысады.

Байқау ережесіне сәйкес үміткерлер:

1) Бейімбет Майлиннің, Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына орай көркемдігі жоғары прозалық шығармаларынан үзінді оқиды.

2) Сәбит Дөнентаевтың, Ілияс Жансүгіровтың 125 жылдығына және Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына орай поэзиялық шығармаларынан үзінді оқиды;

Байқау жеңімпаздары дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Хабар 24 телеарнасы