389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Күлтөбе қалашығынан бірегей археологиялық заттар табылды

  • 171
  • UPD: 11:28, 17.09.2019

Түркістандағы Күлтөбе қалашығынан бірегей археологиялық заттар табылды. Қазба жұмыстары барысында әшекейлер анықталды.

Алтын мен түрлі моншақтардан жасалған бұйымдар Яссы ғибадатханасының қойнауынан табылып отыр. Тарихшылардың пайымдауынша, бұл жерде салт-жоралғылар өтетін орын болған. Қымбат заттар құдайларға сый ретінде көмілген болуы мүмкін. Айта кетейік, мамандар жыл басынан бері Күлтөбе қалашығында қызу жұмыс істеп жатыр. Қазба жұмыстары, кем дегенде, 3 жылға созылмақ. Келешекте бұл жерде ашық аспан астындағы музей жасау жоспарда бар.

Мұхтар Қожа, тарих ғылымдарының докторы:

- Тастармен әшекейленген бұйым, сырғалар басқа да заттар 2-3 ғасырдың қабатынан алынып отыр. Ал мынау сұрақ белгісіндегі алтын сырға 14-15 ғасырға келеді. Әр кезеңді қазу арқылы мәдениеттің қандай болғанын көріп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы