389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Т.Қатаев туралы жазылған «Өнегелі өмір» кітабы жарыққа шықты

  • 335
  • UPD: 21:09, 17.09.2019

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде белгілі қоғам қайраткері, ұстаз Тұрғанбек Қатаұлы Қатаевты еске алуға арналған конференция өтті.

Оған ел ғалымдары мен жоғарғы оқу орындарының басшылары және оқытушылар құрамы қатысты. Жиында халқына адал қызмет етуді өмірлік ұстанымы деп білген қайраткер туралы «Өнегелі өмір» кітабы таныстырылды. Ғалымның есімі халыққа білім берудің ірі ұйымдастырушысы ретінде танымал. Тұрғанбек Қатаев білім министрі болған жылдары Қазақстанның жоғары оқу орындары гүлденіп, дамып қана қойған жоқ, елімізде жаңадан 10 жоғары білім беретін оқу орталығы ашылған, оның бесеуі Алматы қаласында бой көтерді. Ол – ел басына күн туғанда қолына қару алып, қан майданға аттанған ардагер. Кеңес дәуірінің зобалаң жылдарын басынан өткере жүріп, бар жан-тәнімен халқына қалтқысыз қызмет етті. Зейнетке шыққаннан кейін де қолынан қаламын тастаған жоқ.

Мұрат Жұрынов, ҚР ҰҒА президенті:

– Ол кісі өте әділ адам болды. Сол кезде ғылым докторы диссертация қорғағандарға пәтер жоқ болса пәтер бергізіп отырды. Осындай кісі еді. Жарқын өмір сүрді, елге көптеген игі жұмыстар жасады. Сондықтан ол кісінің жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.

Хабар 24 телеарнасы