389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда халықаралық ақындар айтысы басталды

  • 605
Қарағандыда халықаралық ақындар айтысы басталды inform.kz

Қарағандыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ұлы ақын, жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған халықаралық айтыс басталды.

Салтанатты ашылу рәсімі қазақ драма театрында өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елорда мен Қазақстанның басқа қалаларынан, сондай-ақ Монғолиядан, Қырғызстаннан, Қытайдан келген айтыскерлерді үлкен құрметпен қарсы алды. Халық әншілері қызыл кілем бойымен театр ғимаратына өтті.

Халықаралық айтыс және жыршы-термешілер одағының басшысы Ерман Жүрсіннің айтуынша, Қарағанды халқы осы өнер түрін ең ыстық әрі құмарлықпен қабылдайтын көрермендер.

«Мен Сәкен ағаның туған жерінде оның мерейтойын осындай ауқымда атап өтетініне қуаныштымын. Ұлы тұлғаның құрметіне бірнеше салтанатты шаралар өтті. Ақындар айтысы сол мерейтойлық жиындарды жалғастырды және мықты ақындардың басын қосты. Бұл біздің Елбасы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті ұсынған «Рухани жаңғыру» ұлы идеясының нақты іске асырылуы», – деп атап өтті Жүрсін Ерман.

«Айтыстың бүкіл елге – Qazaqstan телеарнасының эфирінде көрсететіні керемет. Бұл телерадиокорпорация, Nur Otan партиясы және біздің қоғамдық бірлестік жасаған меморандумның арқасында мүмкін болды. Мұндай жобалар руханиятты жандандыруға, ұлттың мәдени кодтың сақталуына ықпал етеді», – деп атап өтті ұйымдастырушылар

«Сәкен Сейфуллин құрметіне өткізілетін осы айтыс қазақ халқы үшін өте маңызды. Қазақстанда айтыстар менің отаныма қарағанда жиі өткізіледі. Осылайша мәдени мұраны бағалайтындарыңыз, салт-дәстүрлерді құрметтейтіндеріңіз және халық өнерін қолдайтындарыңыз өте жақсы», – деді Бішкектен келген айтыскер Жеңісбек Тоқтөбеков.

Екі күн бойы театр сахнасында 18 айтыскер бас жүлде үшін бақ таластыратын болады. 19 қыркүйекте шараның жабылу салтанатында жеңімпаздардың есімдері жарияланады.

Хабар 24 телеарнасы