389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда Тайқазанға арналған көрме ашылды

  • 280
  • UPD: 22:08, 18.09.2019
Түркістанда Тайқазанға арналған көрме ашылды

Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі Тайқазанға биыл 620 жыл толып отыр. Осыған орай облыс орталығында «Қайта оралған жәдігер» атты  арнайы көрме ашылып, 50-ге жуық жәдігер қойылған.

Олардың барлығы тайқазанмен тікелей байланысты фотосуреттер мен құжаттар. Сондай-ақ музейдің мұрындық болуымен  2009-2014 жылдар аралығында жастар арасында өткізілетін қазақ күресінен республикалық «Тайқазан» турнирінің фотосуреттері, медалдары мен мұрағаттық құжаттары да экспозициядан орын тепкен. Айта кетейік, тайқазанның өзі, алтын, күміс, мыс, қола, қорғасын, мырыш, қалайы секілді 7 түрлі металдың қосындысынан құйылған құнды жәдігер. Енді тарихшылар Тайқазанның мерейтойын туризмді дамыту мақсатында да пайдалануға болатынын айтады.

Хабар 24 телеарнасы