389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Central Asia's Got Talent шоуының 12 жасар қатысушысы қазылар алқасын жылатты

  • 204
  • UPD: 12:36, 20.09.2019

12 жасар Фирдафсий Мухамаддалиев –  классикалық музыканың «маком» жанрында ән шырқайды.

Балақай «егер осы бағдарламада жеңімпаз атансаң, қомақты қаржыны қалай жұмсар едің?» деген сауалға «анамның көзіне операция жасату – арманым» деп жауап қайырды. Оның бұл сөзі залдағы өнерсүйер қауымды ғана емес, талапшыл қазылар алқасының жүрегін жібітіп, көздеріне жас ұялатты. 

Естеріңізге сала кетейік, 15 қыркүйек күні «Хабар» телеарнасы Орталық Азиядағы ең ауқымды жоба –  Central Asia’s Got Talent (Орталық Азия таланттарды іздейді) шоуын көрермен назарына ұсынды. Алғаш рет Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанның өнерпаздары бір сахнада бақ сынауда. Ал бәйгеде топ жарған мықтының мықтысы әлемге танылып қана қоймай, 10 млн теңгені иеленеді.

Шоу төрт мемлекетте «Хабар», «Zoʻr TV», «КТРК» және «ТВ Сафина» телеарналарынан көрсетіледі. Байқауға Нұрлан Абдуллин (Қазақстан), Гүлнұр Сатылғанова (Қырғызстан),  Ситора Фармонова (Өзбекстан) және Аловуддин Абдуллоев (Тәжікстан) төрелік етеді. Central Asia’s Got Talent шоуының жүргізушілері: Кумар Лукманов,  Еркебұлан Мырзабек (Қазақстан), Эркин Рыскулбеков (Қырғызстан), Бехруз Насриддинов (Тәжікстан) және Тимур Алиев (Өзбекстан). Got Talent – Fremantle британдық компаниясының форматы. Авторы Саймон Коуэлл. 2006 жылдың маусым айында телебайқау «America’s Got Talent» деген атпен Америкада жарыққа шықты.

Хабар 24 телеарнасы