389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алтын батырма. Қазақстандық ансамбль Central Asia's Got Talent-те қазылар алқасын таңдантты

  • 206
  • UPD: 12:59, 20.09.2019

«Хабар» телеарнасынан көрсетілетін Central Asia's Got Talent 2019 байқауында «Хассақ» этно-фольклорлы ансамблі қазылар алқасын тәнті етті.

Қазақстандық ұжымның музыкасы құпиялылығымен және күшті энергетикасының арқасында мыңжылдықтағы рух, табиғатпен бірігу секілді сезімді бастан кешіруге болады. Ансамбльдің өнері көңілінен шыққаны соншалық, Ситора Фармонова алтын батырманы басты. Осы арқылы аталған ұжым жартылай финалға тікелей жолдама алды.

Сонымен қатар классикалық музыканың «маком» жанрында ән шырқайтын 12 жасар Фирдафсий Мухамаддалиевтің жауабы қазылар алқасын жылатқан болатын. 

Естеріңізге сала кетейік, 15 қыркүйек күні «Хабар» телеарнасы Орталық Азиядағы ең ауқымды жоба –  Central Asia’s Got Talent (Орталық Азия таланттарды іздейді) шоуын көрермен назарына ұсынды. Алғаш рет Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанның өнерпаздары бір сахнада бақ сынауда. Ал бәйгеде топ жарған мықтының мықтысы әлемге танылып қана қоймай, 10 млн теңгені иеленеді.

Шоу төрт мемлекетте «Хабар», «Zoʻr TV», «КТРК» және «ТВ Сафина» телеарналарынан көрсетіледі. Байқауға Нұрлан Абдуллин (Қазақстан), Гүлнұр Сатылғанова (Қырғызстан),  Ситора Фармонова (Өзбекстан) және Аловуддин Абдуллоев (Тәжікстан) төрелік етеді. Central Asia’s Got Talent шоуының жүргізушілері: Кумар Лукманов,  Еркебұлан Мырзабек (Қазақстан), Эркин Рыскулбеков (Қырғызстан), Бехруз Насриддинов (Тәжікстан) және Тимур Алиев (Өзбекстан). Got Talent – Fremantle британдық компаниясының форматы. Авторы Саймон Коуэлл. 2006 жылдың маусым айында телебайқау «America’s Got Talent» деген атпен Америкада жарыққа шықты.

Хабар 24 телеарнасы