389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Бабалар ізімен» экспедициясы сапарын Ингушетия жерінде тәмәмдады

  • 220
  • UPD: 11:25, 21.09.2019

 «Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясы Шешен республикасындағы сапарын бауырлас құмық және ноғай ауылдарында жалғастырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Терек және Сунджа өзенін бойлай орналасқан бұл елді мекендер ертеден түрік қыпшақтарының құтты қонысы. Оны өңірдегі топонимдер айғақтайды. Оған қоса, жергілікті халықтардың арасында бүгінге дейін қыпшақ, найман рулары сақталған.

«Бабалар ізімен» Грозныйдан аттанған ғылыми экспедиция өз сапарын Брагуны ауылында жалғастырды. Шамамен үш жарым мыңдай тұрғыны бар елді мекеннің 90%-тен астамы құмық тайпасынан. Өзінің төл тілі мен мәдениет барынша сақтаған. Қазақстаннан келген делегацияны жергілікті жұрт ыстық ықыласпен қарсы алды. Ата-бабадан бүгінге жеткен тарихи деректерімен бөлісті. Дәстүрді дәріптеп, концерттік бағдарлама ұсынды.

Ауыл тұрғындардың айтуынша, қыпшақтар бұл өңірдің алғашқы иесі. Себебі, жер су атауларының басым бөлігі төл тілімізден шыққан. Брагуны ауылының да түп төркіні Борахан сөзінен алынған. Өздері әлі күнге солай атайды. Бұдан бөлек, қыпшақтарға тән тас мүсіндер де жиі кездеседі.

Зауырбек Бекирин, Брогуни ауылы ақсақалдар кеңесінің төрағасы:

- Жанымыздағы Сержен-Юрт деген ауылдың тұрғыны соңғы соғыс кезінде отбасын бомбадан қорғау мақсатында жер қаза бастайды. Сол кезде ауласынан балбал тас шығады. Тасқа қашалған адамның көзі қысықтау, мұртты болған және екі қолын алдына ұстап тұрған. Мұндай белгілер тек қыпшақ жауынгерлерінің қабіріне қойылғаны белгілі.

Талғатбек Әбдіқожа, тілші:

- Ал Шелковской ауданындағы Сарысу ауылына келгенде өзімізді Қазақстанның бір шетінде жүргендей сезіндік. Себебі мұнда мекен еткен ноғайлардың тілі де, түрі де, салт-дәстүрі де, тіпті құрамындағы ру тайпалары да қазақпен ұқсас.

Омар Сайытұлы, Сарысу ауылының тұрғыны:

- Мен ноғай едім. Бізде аслар да бар, қыпшақтар да бар. Бізде бір әдет бар, тайпа тайпадан қыз алмайды, қыз бермейді. Амал тауып, солай заттар бар. Бізде келіндер сөйлемейді.

Жәлел Жанмырзаев, Сарысу ауылының тәртіп сақшысы

Сарысу ауылында көп ноғайлар тұрады. Арасында қыпшақ бар, Найман бар, аслар бар, келауылдар бар. Мен өзім қыпшақпын. Біздің жерлер от Дунайдан Днепрге деп айтайықшы. Біз тастанып қалғанбыз жан-жақта. Сіздер Қазақстанда, біз Ресейде. Бірақ біз қазақтармен бір халықпыз.

Бабалардан қалған белгілерді Ингушетия республикасынан да көптеп кездестіруге болады. Солардың бірі – Қарабұлақ елдімекенінің сртындағы мына кесене. Тарихи деректерге қарағанда X-XV ғасырларда салынған.

Сапар Ысқақов, «Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясының жетекшісі:

- Мұндай формамен салынған мавзолей тек қана біздің бабаларымызға тән нәрсе деп айтуымыз керек. Өйткені жергілікті халық мовзолей салмайды. Олар тек қана тас қояды басқа ештеңе қоймайды. Ғалымдардың айтуынша, бұл арада жерленген Богда хан деген кісі болған дейді. Өйткені бұл арада тұрған халықтардың көбісі Ноғайлар Құмықтар басқа да түрік тұқымдас халықтар.

Сапар барысында ғылыми экспедиция мүшелері бабаларымызға қатысты біршама тарихи дерекпен қанықты. Кешенді зерттеу жүргізсе, әлі де талай тың ақпараттың табыларына көз жеткізді. Осылайша, өз сапарын Ингушетия жерінде тәмәмдады.

Авторлары: Талғатбек Әбдіқожа, Самат Бекбатыров

 

 

Хабар 24 телеарнасы