389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Мәдениет үйі» телехикаясы «Хабар» арнасынан көрерменге жол тартады

  • 243
  • UPD: 19:32, 21.09.2019
«Мәдениет үйі» телехикаясы «Хабар» арнасынан көрерменге жол тартады

«Хабар» телеарнасы жаңа маусымда көрермендерге тағы бір тың туындыны тарту етіп отыр. Дүйсенбі күні кешкі сағат жетіде «Мәдениет үйі» телехикаясының алғашқы бөлімі көрсетіледі. Комедиялық телехикаяны түсіруге екі ай, ал дайындық жұмыстарына аттай алты ай уақыт кетті дейді шығармашылық топ мүшелері.

Бұл оқиға Төртбұлақта өрбиді. Өнер ордасын тәмамдаған Шұғыла есімді бойжеткен осы ауылдың мәдениет үйіне жолдама алады. Жас маман мәдениет үйін жандандыруға бел буады. Өнерпаздар жинау үшін ауыл ішіне кастинг жариялайды. Алайда Шұғыланы ауылдағы өнердің жай-күйі қатты қапаландырады.  

Ботакөз Кенішбай, Мәдениет үйі телехикаясының режиссері:

- Алдын ала өзіміздің режисерлық өзіміздің жобамызды жасадық. Түсірім алаңына келіп импровизация жасау деген ол көп болған жоқ. Біз деген алдын ала бір ай қоюшы оператормен дайындалып жоспарды жасадық. Тіпті өзіміздің салған эскиздерімізде бар. Сондай үлкен ауқымды жоба болғандықтан біз барынша жауапкершілікпен дайындалдық.

Актерлік құрам өте бай. Айдос Бектемір, Бекжан Тұрыс, Сафуан Шаймерден, Шынар Асқарова сынды аға буын мен орта буын өкілдері түскен. Көрермендерге таныла бастаған жастар да өз кейіпкерлерін жақсы аша білген.

Толқын Сейдоллақызы,  Мәдениет үйі телехикаясының продюсері:

- Сериалдың үлкен мақсаты туған жерге, туған елге деген махаббатты ояту. Қазақы бір әдемі дүниені көрерменнің санасына сіңіру. Ауызбірлігі жарасқан, сыйластығы жарасқан ауыл халқының тыныс-тіршілігін насихаттау.

Мұнда тек ғана адамдардың арасындағы қарым-қатынас емес махаббат тақырыбы да әртүрлі бағытта өрбиді. Әкім мен жұбайының арасындағы керемет сыйластық, Зейнолла ақсақал мен Клара апа ортасындағы құрмет, Сәулебек пен Шұғыланың адал сезімдері көрерменге ой салады.

Ақниет Беласар, Шұғыла ролінде:

- Маған бұл телесериал үлкен тәжірибе болды. Үлкен бір жақсы жұмыс болды десем болады. Площадкадағы адамдардың әсері де жақсы тиді. Өте көңілімнен шықты. Партнер ретінде үлкен рахметімді айтамын. Жақсы шықты деген үміттемін.

Дастан Қасымшал, Сәулебек ролінде:

- Ақниет көбінесе қалада жүрген қыз ғой. Біз енді ауылдан шыққан бала болғандықтан ауыл бізге жақын болды бізге. Тәжірибе демекші, өміріміде бірінші рет мотоцикл айдап үйрендім. Құрметті көрермендер «Мәдениет үйі» телехикаясын міндетті түрде көріңіздер.

25 бөлімнен тұратын «Мәдениет үйі» телехикаясы дүйсенбіде кешкі сағат жетіде басталады. Өткізіп алмаңыздар!   

Авторлары: Ұлан Нарынбек, Радик Жақыпов

Хабар 24 телеарнасы