389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада түркітілдес елдер жастарының халықаралық фестивалі өтті

  • 237
  • UPD: 20:09, 22.09.2019
Қызылордада түркітілдес елдер жастарының халықаралық фестивалі өтті

Қорқыт қобызының сарынымен үндескен бауырлас түркі елдері өнерпаздарының ән-жыры Сыр даласында шалқыды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Түбі бір Көк түріктің ұрпағы дәстүрлі өнерін Тұран төрінде паш етілді. «Қорқыт және ұлы дала сазы» халықаралық фольклорлық музыкалық өнер фестивалі облыс әкімдігі мен «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының бірлескен жобасы саналады. Осымен 5-рет ұйымдастырылып отырған өнер фестиваліне Иран, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Сербия мемлекеттерінен және ел аумағынан150-ге жуық түркітанушы ғалым мен өнерпаз жиналды.

Жаңғырту жұмыстарынан кейін түрленіп-түлеген Қорқыт Ата мемориалдық кешені ықылым заманнан сыр шерткен қалашыққа айналғандай. Фестиваль аясында қолөнер шеберлерінің көрмесі өткізіліп, қазақтың қасиеті іспеттес қобыз бен даналығына баланған – домбыра жасаудың үлгілері көрсетілді. Қурай, қыл қияқ, хомус, гайда, комуз аспаптарында құйқылжыта орындалған түрлі туындылар көрерменді елітіп әкетті. Қорқыт Ата кесенесіндегі амфитеатрға жиналған жұрт көне ғасырлар қойнауына енгендей күй кешті. Сахнада бағзыдан бастау алған тарихи-фольклорлық-ұлттық өнердің асыл жауһарлары шырқалды.

Хабар 24 телеарнасы