389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Прагада Ұлы дала тарихына арналған халықаралық конференция өтті

  • 180
  • UPD: 22:35, 22.09.2019
Прагада Ұлы дала тарихына арналған халықаралық конференция өтті

Ұлы дала көшпенділерінің тарихы мен мәдениеті Чехия астанасында өткен халықаралық конфернцияда талқыланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған Италия, Ұлыбритания, Чехия, Ресей және Қазақстаннан танымал ғалымдар мен археологтар қатысты. Басқосуда сарапшылар өздерінің соңғы зерттеулерімен бөлісті. Мысалы конфернцияда Ботай мәдениетін ашқан белігілі қазақстандық археолог Виктор Зайберт өзінің жоспарлары туралы айтты. Ғалым жылқының дәл Қазақстанда қолға үйретілгенін дәлелдеген болатын. Ал еуропалық мамандар түркі халықтары туралы баяндайтын балбал тастардағы көне жазбалар жайында баяндама жасады. Конференция соңында шараға қатысушылар Ұлы дала өркениеті жайлы зерттеулерімен жиі алмасып тұруға келісті.

Николас Симс-Уильямс, Лондон университеті шығыс және африка елдерін зерттеу мектебінің профессоры:

Мен конференцияда Күлтөбеде табылған жазбалар туралы баяндама жасадым. Олар Қазақстан ғана емес аймақ тарихы үшін маңызды. Бұл соғды тілінде жазылған ең көне жазбалардың бірі. Қазақстанның ежелгі тарихы өте қызықты. Бұл мәдениеттер мен халықтардың тоғысқан жері дер едім.

 

Хабар 24 телеарнасы