389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚХА жұмысы Италия парламентінің депутаттарын қызықтырды

  • 198
ҚХА жұмысы Италия парламентінің депутаттарын қызықтырды

Италия парламентінің депутаты Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысымен танысты.

Достық үйінде мәртебелі мейманды Ассамблея төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев қарсы алды. Кездесуде қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық моделіне айналған ұйым жайлы сөз болды. Сондай-ақ Эмануэла Россини достық үйін аралап, елімізде тұратын түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің мәдениеті, салт дәстүрімен танысты. Айта кетейік, бүгінде елімізде мыңнан астам этномәдени орталық бар. 40-тан астам достық үйі ашылған. 209 мектепте оқушылар өз ана тілінде білім алады.

Эмануэла Россини, Италия парламентінің депутаты:

– Бүгін бірқатар нысанды аралып шықтым. Мектептер мен жоғары оқу орындарындағы оқу базасы қажет құралдармен жоғары деңгейде жарақталған. Білім саласына жақсы мән берілгені байқалады. Достық үйінің жұмыс істейтініне таң қалдым. Бұл Қазақстанда барлық ұлт өкілдерінің тең құқылы, тең дәрежеде бейбіт өмір сүретінін көрсетеді. Ассамблеяның жұмысы туралы өз елімде айта жүретін боламын.

Хабар 24 телеарнасы