389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Демалыс күндерінде елордалықтар қайда бара алады

  • 229
Демалыс күндерінде елордалықтар қайда бара алады

Алдағы демалыс күндері Нұр-Сұлтанда бірқатар қызықты мәдени іс-шаралар мен концерттер өтеді деп жоспарланған.

Демалыс комикссүйер қауымын мен жылжымайтын мүлікке қызығытындар үшін қуанышты болмақ, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

27 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда орыс және әлем мәдениетінің классиктері А.С.Пушкиннің 220 жылдығы мен М.И.Глинканың 215 жылдығына арналған «Я помню чудное мгновенье» концерті өтеді. Мерейтойлық концерт «Астана опера» театрында Ресей ынтымақтастығы өкілінің қолдауымен қойылады. Кіру тегін. Бағдарламада Пушкиннің өлеңдеріне жазылған Глинка және тағы басқа композиторлардың шығармалары орындалады. Оған «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының солитері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Культура» телеарнасының «Большая опера» жобасының жеңімпазы Салтанат Ахметова (сопрано) және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жалтыркөзов (баритон) қатысады. Фортепиано партиясын Елена Сахно орындайды. Концерттің басталуы 19:00-де.

Бұған қоса осы демалыста астаналық тыңдармандарын әнші Бьянка қуантады. Орыс r’n’b-нің патшайы ICON клубының туған күнінде өнер көрсетеді. Мерекелік сауық кеші 27 қыркүйек күні түнде болады. Кіру 10 мың теңге.

28-29 қыркүйек күндері «Көрме» орталығында EXPOHOMSTERS жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі өтеді. Көрме алаңында құрылыс компаниялары мен қала банктерінің өкілдері жиналады.

Келушілерге 15 минуттың ішінде тегін консультациялар өткізіп, жаңа нысандар туралы мәлімет беріліп, 3,5% жылдық пайызбен қалай ипотека алуға болатынын түсіндіреді. Сондай-ақ ұйымдастырушылар серіктестермен бағалы ұтыстар мен сыйлықтар әзірлеп қойды. Көрме сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді, кіру тегін.

Сенбі, 28 қыркүйек күні «Қазақстан» ОКЗ Камералық залында белгілі скрипкашы Динара Базарбаева-Сахаманның концерті өтеді. Халықаралық конкурстардың лауреаты, «Қазақконцерт» МКҰ «Forte Trio» мемлекеттік триосы солисінің шығармашылық кешінде Л.В.Бетховен, И.Брамс, Ф.Крейслер, М. де Фалья, Ж.Массне, П.Сарасате және т.б. әлем және қазақ музыкасының шығармалары орындалады. Кештің арнайы шақырылған қонағы – белгілі испан пианисі Анна Феррер. Концерттің басталуы сағат 18.00-де, билет бағасы – 1000 теңге.

Комикс, суперкейіпкерлер және компьютерлік ойындарды ұнататын қауым Назарбаев Университетінің кампусында өтетін Гик-фестивальге қатыса алады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, меймандар шараға өздерінің сүйікті кейіпкерлерінің образында келе алады және іс-шара барысында өткізілетін жарыстарға қатыса алады. Сондай-ақ өнердің жаңа түрімен танысып, Назарбаев Университетінің ғалымдары өткізетін жүздеген тегін шеберлік сағаттарына және экскурсияға қатыса алады.

NU Geek Fest қонақтарын «Мстители», «Гарри Поттер», Миньондар және Стив Джобстың персонаждары күтіп алады. Олар Назарбаев Университетінің бакалавриаты, магистратурасы мен докторантурасының бағдарламалары, оған түсу шарттары, гранттар мен жеңілдіктер туралы айтып береді.

Айта кетейік, бұл фестивальге қатысу үшін онлайн тіркеуден өтіп, бір күн бұрын шақыру билетін алу керек. Кіру тегін.

Хабар 24 телеарнасы