388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Томирис» фильмі қалай түсірілді

  • 489
  • UPD: 17:32, 25.09.2019
<span class=favorites>«Томирис» фильмі қалай түсірілді</span> tengrinews

Ақан Сатаевтың режиссерлігімен түсірілген «Томирис» фильмі 27 қыркүйекте көрерменге жол тартады.

Фильм 93 күн түсіріліп, жобаны шығару кезеңі екі жарым жылға созылды. Картинаны түсіру жұмыстары 2017 жылы желтоқсан айында Алматы облысы Заречный ауылының маңында басталған.

Ақан Сатаевтың айтуынша, кей күндері түсірілім алаңында бір уақытта 800 адамға жуық кісі болған.

«Шығармашылық топтың құрамында ең көп дегенде 400 адам болдық. Шонжа, Қапшағай және Алматы, Көкшетау аумақтарында түсірілді. Біз ең басында Вавилон, Кир патша бар кино бөліктерін Мароккода түсіреміз деп ойлағанбыз. Бірақ біздің суретшілеріміз барып, ол жақтың декорацияларын көріп келгеннен кейін кішкене қаражат жағын үнемдеу туралы шешім қабылданды», - деді фильм режиссері.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешев фильмді түсіруге  2 млрд 259 млн теңге жұмсалғанын айтып өтті.

Сонымен қатар бұл фильм − Томиристі сомдайтын Альмира Тұрсынның актерлік мансабындағы ең алғашқы туынды.

«Альмира кино табалдырығын енді ғана аттап отыр. Бірақ, менің сенімім мол. Ертеңнен бастап біздің киномызда жаңа жұлдыз пайда болды деп толығымен айта аламын», - деді фильм режиссері Ақан Сатаев.

Айтуынша, фильмге түсуге дайындық барысында Альмира аяғын да сындырып алған.

Фильмге еліміздің танымал киножұлдыздары Димаш Ахимов, Ерік Жолжақсынов, Байкенже Белбаев, Берік Айтжанов, Еркебұлан Дайыров, Мұрат Бисембин, Азамат Сатыбалды, Әділ Ахметов, Айжан Лайджи, Аян Өтепберген, Асылхан Төлепов, Асхат Үрпековтер түскен. Ал Кирдің рөліне Голливуд актері Гасан Масуд шақырылған.

Динара Доспан

Хабар 24 телеарнасы