389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ташкентте «Жапон күзі» атты ерекше фестиваль өтті

  • 202
  • UPD: 12:02, 26.09.2019
Ташкентте «Жапон күзі» атты ерекше фестиваль өтті

Қазақстанның Өзбекстандағы жылына орай Ташкентте «Жапон күзі» атты ерекше фестиваль өтті. Елімізде 2011 жылдан бастау алған жобада күншығыс елінің дәстүрлі, классикалық, джаз музикалары мен қазақ әуендері кеңінен насихатталды. Дәстүрлі шараға былтырдан бастап Өзбекстандық өнер ұжымдары да қатысып келеді.

Қазақстандық «Дегдар» гуманитарлық қорының ұйытқы болуымен өткен байқауға қатысқан әлемдік шеберлерінің өнерін Ташкент жұрты тегін тамашалады. Өзбекстан мемлекеттік консерваториясында  жапондық белгілі музикант Кейко Иноуэ аргонда әлемдік классика туындыларын орындаса, «Музыкалық ара» деп аталатын ерекше құрылғыда Сакита Хаджимен өнер көрсетті.

Тимур Урманчеев, фестивальдің көркемдік жетекшісі /орысшадан аударма/:

- Мұндай мәдени фестивальдің басты мақсаты - өзара шеберлік байқасып, тәжірибе алмасу. Біз өз ұлтымыздың мәдениетін насихаттап, өзгелердің өнерін тамашалап, білімімізді шыңдаймыз. 

Тоғыз жылдан бері өтетін фестивалда әлемнің бірнеше елінен өнерпаздар келді. Былтырдан бастап Өзбекстандық өнер жұлдыздары да қатысып жүр. Классикалық музыкаға негізделген жаңа концерттік бағдарламада Өзбекстанның «Регистаны» мен Қазақстандық «Астана сазы» ансамблі өнер көрсетті. Елордалықтар Астана сазы, Арнау, Жаяу мұсаның «Ақсисасы» мен Халық әні Қараторғайды орындады. Жетіген, сазсырнай, шаңқобыз сынды ұлттық аспаптардың репетурары бөлек болғанымен үні бір дейді музыканттар. 

Бауыржан Ақтай, «Астана сазы» этно-фольклорлық  ансамблінің көркемдік жетекшісі:

- Дәстүрлі музикамызды әлемдік деңгейде насихаттауға бірден бір таптырылмас құрал бұл деген. Бұл көптеген музиканттардың арманы десе болады. Бұндай мүмкіндік көп беріле бермейді. Сондықтан біз еліміздің дәстүрін осылай әлемдік деңгейге шығарып таныстырғанымызға біз өте қуаныштымыз. 

Фестивальда  халық әндері, авторлық шығармалар мен фольклорлық ансамбілдерге негізделген тың туындылар орындалды. Үш елдің өнер жұлдыздары бірігіп фестивалдің әнұранына айналған «Ертеңгі күн» атты шығармасын орындады.  Келесі фестиваль Қырғызстанда өтеді. 

Авторлары: Қанат Жүнісбеков, Тимур Исмаилов

Хабар 24 телеарнасы