389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана Балет» театры Ашық есік күнін өткізеді

  • 350
«Астана Балет» театры Ашық есік күнін өткізеді вести.ру

30 қыркүйекте «Астана Балет» театры Халықаралық балет күніне орай Ашық есік күнін өткізеді. Бұл күні театр сүйер қауым балет өнерінің қыр-сырымен танысып, қойылымдарды тамашалай алады.

Театрда Ресей суретшілер одағының мүшесі, «Балет территориясы» жобасының негізін қалаушы Алексей Кривцовтың фотокөрмесі өтеді.

Ал көрермендер залында америкалық неоклассиканың негізін қалаушы Джордж Баланчиннің шығармашылығына арналған дәріс өтеді. Айта кетсек, оның «Кончерто Барокко» атты туындысы таяу күндері «Астана Балет» театрының сахнасында көрсетіледі.

Шараға қатысушылар, сондай-ақ, 4-5 қазанда тұсаукесері өтетін қойылымның репетициясын тамашалай алады.

Д.Доспан

 

Хабар 24 телеарнасы