389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық музей 346 жәдігерді Малайзиядағы көрмеге апарады

  • 285
Ұлттық музей 346 жәдігерді Малайзиядағы көрмеге апарады ult.kz

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі 1 қазан күні Куала-Лумпурдегі Малайзия музейлерінің департаментінде «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашады, деп хабарлады Ұлттық музей әкімшілігі.

Көрме «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық жобасы аясында 1 қазаннан 31 қазанға дейін жалғасады.

Көрмеге ҚР Ұлттық музейінің басты жәдігері «Алтын адам» қойылады. Сонымен қатар Ұлттық музей қорынан барлығы 346 жәдігер ұсынылады.

Қазіргі уақытта ұлы даланың таңғажайып тарихынан сыр шерткен құнды жәдігерлерді көрмеге әзірлеу жұмыстары жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы