389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында Бейімбет Майлиннің мерейтойын тойлау басталды

  • 306
  • UPD: 22:39, 27.09.2019

Қазақтың көрнекті жазушысы, әңгіме жанрының хас шебері Бейімбет Майлиннің туғанына биыл 125 жыл. Би-ағаның мерейтойын тойлау шаралары туған жері - Қостанай облысындағы өзімен аттас ауданда ғылыми-практикалық конференциямен бастау алды.

Оған қатысушылар қаламгердің әдеби мұрасын терең зерттеу тұрғысында еңбектері жалғасып, арнайы ғылыми экспедиция жасақталатынын мәлімдеді. 

Әйет ауылындағы Бейімбет Майлиннің бұл мүсіні биыл пайда болды. Оған қоса жазушының 125 жылдығына орай туған жері Таран ауданына Би-ағаның есімі берілді. Бұл жаңалық, әсіресе қаламгер ұрпақтарының рухын асқақтатып, ел мерейін көкке көтерді.      

Зәуреш Сейітжанова, Б.Майлиннің немересі:

- Біз 100 жылдығында да болдық, 120 жылдығында да той тойладық, енді бүгінгі 125 жылдығы құтты болып, Таран ауданы болған нағашымыздың Бейімбет Майлиннің аты беріліп бүкіл халық сұрап Бейімбет болсын біздің ауданымыз деп. Сонымен үкім шығарылған. Өте ризамыз. 

Майлиннің әдеби мұрасы 50-ге жуық кітап пен жинақтардан тұрады. Ол өзі  өмір сүрген кезеңнің қиыншылыққа толы болғанына қарамастан шындықты ашып көрсете білді. 

Ұлықбек Есдәулет, Қазақстан  Жазушылар одағының  төрағасы:

- Майлин бүгінде қазақ оқырмандарының ең көп оқитын, қызығып оқитын қаламгерлердің біріне айналды. Ұлы суреткерді әдебиетіміздің кешегі, тіпті бүгінгі буын қаламгерлерінің өзі өздеріне ұстаз санайды. 

Қаламгердің шығармашылығын тереңірек зерттей түсу қажет деген тоқтамға келді ғалымдар. Болашақта жазушының еңбек еткен Мәскеу, Санкт-Петербор, Уфа қалаларына ғылыми сапарлар ұйымдастырылмақ.  

Құндызай Ерімбетова, ҚР БҒМ Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері:

- Ол жоспарлы түрде бір немесе екі жылға жоспарлануы керек. Сонда құнды деректерге қолымыз жетеді және экспедицияның нәтижесінде біз үлкен монографиялық бір құнды еңбек жаза аламыз.    

Жазушының мерейтойы екі күндік республикалық ақындар айтысымен ерекшеленіп, жас сыншы-әдебиетшілер конференциясы ұйымдастырылды. Онда жастар үшін Бейімбет Майлин атындағы шәкіртақы тағайындалды. 

Авторлары: Данияр Сұлтан, Ермек мұхамедияров

Хабар 24 телеарнасы