389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Белгілі фольклортанушы Телмұхамед Қанағатовтың туғанына 100 жыл толды

  • 212
  • UPD: 19:46, 28.09.2019
Белгілі фольклортанушы Телмұхамед Қанағатовтың туғанына 100 жыл толды

Белгілі қоғам қайраткері, фольклортанушы, текстолог ғалым, қазақ әдебиеті қолжазбалар қорын байытуға өлшеусіз үлес қосқан Телмұхамед Қанағатовтың туғанына 100 жыл, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Ғалымның елге, ғылымға сіңірген еңбегі өлшеусіз», - дейді көзкөргендер. Осы орайда Ұлттық ғылым академиясының М.Әуезов атындағы әдебиет пен өнер институтында ғалымның мерейтойына орай республикалық деңгейде жиын өтті. 42 жасында Қытай жерінен атажұртына оралған ғалым осы шаңырақта еңбек етіп, еліміздің қолжазба қорын байытуға үлес қосты. Телмұхамед Қанағатов аймақтарды аралап, ел аузынан ауыз әдебиеті мен фольклорлық құнды дүниелерді қағазға түсірген. Әрі олардың сипаттамаларын жазды. Сондай-ақ Шығыс халықтарының қолжазбаларын жинаған арнайы экспедициямен Өзбекстанға барған. Қазақ, қытай, ұйғыр, татар, башқұрт, парсы, араб және орыс тілдерін жетік меңгерген ғалым, фольклорлық туындылардың түпнұсқасын тануға да еңбек сіңірді. 

Мақсұт Шафиғи, ғалым:

- Мәселен, «Қобыланды батыр» жыры, «Қорқыт ата» туралы, «Дотан батыр» туралы және басқа халық ішінен жиналған жыр-дастан, аңыз әңгімелер, ертегілер айтыстар туралы көптеген қолжазбаларға ғылыми сипаттама жасап, сол қолжазбаның ия негізгі мазмұны, оны жинаған адамның кім екендігі, тіпті ол қолжазбаның қай әріпте, қай жазуда жазылғанына дейін жазылған. Негізінен бұл кісінің ғылыми сипаттама жазған қолжазбаларының 70%-іне жуығы көне араб жазуында жазылған дүниелер.

Хабар 24 телеарнасы