389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тарихи туынды болған соң шынайылығына ерекше мән бердік – Ақан Сатаев

  • 253
  • UPD: 23:13, 28.09.2019

Қазақ кино өнері тағы бір сүбелі туындымен толықты. «Томирис» тарихи картинасы үлкен экранға жол тартты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тарихи картина Томиристің бес жасында әке-шешесінің жау қолынан қаза тауып, жырақта өсуімен басталады. Ержүрек болып бойжеткен Сақ патшайымы парсы әскері II Кирді мыңдаған әскерімен ойсырата жеңеді. «Тарихи туынды болған соң шынайылығына ерекше мән бердік», - дейді фильм режиссері Ақан Сатаев. Фильмді жарыққа шығару үшін шығармашылық топ екі жарым жыл тер төккен.

Ақан Сатаев, «Томирис» фильмінің режиссері:

Фильм сценариі Геродот жазбаларын негізге ала отырып жасалды. Әрине, ойдан шығарылған оқиғалар да бар. Бірақ тарихшылармен кеңесе отырып, шындыққа жанасатындай етіп түсірдік. Костюм бойынша суретшілер, қоюшы суретшілер, сценарий жазушылар тарихшы кеңесшілердің мақұлдауынан кейін ғана іске кірісті. Өйткені біз барынша шынайы тарихты көрсетуге тырыстық.

Көрерменнің ең бірінші көз тіккені – бас кейіпкердің образы болды. Сақ патшайымын сомдаған Альмира Тұрсын ерекше талаппен таңдалыпты. Кинодағы алғашқы қадамы болғандықтан соғыс қимылдарынан бұрын актерлік шеберлікті меңгеруге тура келген. Дегенмен, ауқымды жобаның кәсіби актерлар үшін де қиындығы болыпты.

Еркебұлан Дайыров, актер:

- Бәрімізге де бірдей қиындық түсіргені – ол көне түркі тілі шығар. Сол тіл мәселесіне келгенде бәріміздің біраз қиналғанымыз бар. Сол жағына көп жұмыс істедік. Рухымызды көтеру үшін түсірілген кино. Сондықтан кеудесінде жүрегі қазақ деп соққан адам болса көру керек.

Екі тілде түсірілген туындыны заманауи құрылғылармен жабдықталған жаңа 16 Forum Kinopark-тен тамашалауға болады.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Нұрдәулет Жақсыбаев

Хабар 24 телеарнасы