389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана Опера» көрермендері «Шопениана» мен «Шахеразада» балетін жаңа кейіпте тамашалады

  • 181
  • UPD: 23:16, 28.09.2019
«Астана Опера» көрермендері «Шопениана» мен «Шахеразада» балетін жаңа кейіпте тамашалады

Михаил Фокиннің бір актілі балеттері «Астана Операның» көрермендеріне ұсынылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Классикалық өнерді жаны сүйетін қауым «Шопениана» мен «Шахеразада» балетін жаңа кейіпте тамашалады. «Шопениана» ең романтикалық балет саналады. «Мың бір түн» араб ертегілерінің желісімен жазылған «Шахеразада» да талғамы биік көрерменге шабыт сыйлағаны анық. Бір кеште бір сахнада қойылған екі туынды елордалықтардың көңілінен шыққаны сөзсіз.

Айтпақшы, бүгін талғампаз көрермен балет әртістері Жаңанұр Жаңабекова мен Шұғыла Әділханның үлкен сахнадағы алғашқы қадамына да куә болды.

Алтынай Асылмұратова, «Астана Опера» театры балет труппасының көркемдік жетекшісі:

- Спектакльдің премьерасы өткен маусымда болды. Бірақ әлі де жетілдіріліп жатыр. Әр қойылым сайын жаңа элемент қосамыз. Әртістерді де ауыстырып отыруға тырысамыз. Қойылымдардың аты бір болғанымен, жөні бөлек. Сондықтан көрерменді де әркез өзгеше баурап отырады.

Хабар 24 телеарнасы