389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талғат Теменов халықаралық театр фестивалінде құрметті сыйлыққа ие болды

  • 133
  • UPD: 09:00, 01.10.2019

Қазақстанның халық әртісі Талғат Теменов театр, адамгершілік пен өнегелікті дамытуға қосқан үлесі үшін сыйлықпен марапатталды.

Қазақсаттанның белгілі мәдени қайраткеріне құрметті сыйлық Ош қаласында табысталған. Мұнда Арт-Ордо атты 7-халықаралық театр фестивалі өтті. Биылғы шара халық әртісі Жамал Сейдакматованың 80 жылдығына орайластырылды. 

Актёр, театр мен кинорежиссёрі, ұстаз, сценарист, кинодраматург, профессор. Қазақстанның халық әртісі Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық академиялық музыка-драма театрының қазіргі көркемдік жетекшісі Талғат Теменов – түркі әлемінің театр саласында да танымал тұлға.

Талғат Теменов, Қазақстанның халық әртісі:

– Арт-Ордо жетінші халықаралық театр фестивалі аясында сыйлық алу – мен үшін үлкен абырой. Бұл шарада театр, адамгершілік пен өнегелікті дамытуға қосқан үлес үшін марапаттайды. Мұны мақтан тұтамын.

Жалпы Арт-Ордо жетінші халықаралық фестивалі қазақстандық өнерпаздар үшін табысты өтті. Талғат Теменовтің жас әріптестері қырғызстандық көрермендермен қатар, қазылар алқасын да баурап алды. Шыңғыс Айтматовтың «Боранды бекет» романының арқауымен қойылған Жастар театрының қойылымы үздік танылып, фестивальдің Гран-при сыйлығына ие болды.

Нұрқанат Жақыпбай, жастар театрының көркемдік жетекшісі:

– Әрине жастығымыз және қазылар алқасының әділ шешімі арқасында бас жүлдеге ие болдық. Қырғыз халқына алғысымды білдіремін.

Арт-Ордо фестиваліне жеті елдің театр ұжымдары қатысқан. Бір апта бойы екі жүзден аса актёр жаңа қойылымдары мен спектакльдерін көрсетті.

Авторы: Бакыт Чермашев

Хабар 24 телеарнасы