389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ботай – ұлы дала мәдениеті

  • 396
Ботай – ұлы дала мәдениеті

Петропавл қаласында «Ботай – ұлы дала мәдениеті» халықаралық симпозиумының қорытындысы бойынша көрме ашылды.

Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан мен Қазақстанның қылқалам шеберлері бірнеше күн ежелгі қоныстың өзінде болып, ой-қиялдарын қағаз бетіне табиғат аясында түсірді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша ұйымдастырылған шараға Тұңғыш Президент қоры ұйытқы болды. Көрермен назарына бас-аяғы 80 туынды ұсынылды. Қайталанбас картиналар жиналған жұртқа ұмытылмас әсер сыйлады. Көрме Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында да қойылады. 

Тілеуғазы Жұбанышев, суретші:

– Ботай мәдениеті туралы танысып, білгеніме қуаныштымын. Ботай мәдениеті – үлкен мәдениет.

Хабар 24 телеарнасы