389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореяның басылымында Абайдың 175 жылдығына орай ақын туралы мақала жарияланды

  • 172
  • UPD: 17:32, 01.10.2019
Оңтүстік Кореяның басылымында Абайдың 175 жылдығына орай ақын туралы мақала жарияланды bnews

Оңтүстік Кореядағы «Корей мәдениет алмасу ұйымының» ресми порталында «Қазақ ұлтының кемеңгер ақыны Абай Құнанбайұлының туған жеріне барған сапар» атты корей тіліндегі мақала шықты.

Мақалада Абайдың отбасы, шығармашылығы мен ел ісіне араласқандағы көрегенділігі туралы жан-жақты айтылады.

«Ақынның мерейтойына өз үлесімді қосу мақсатымен Абай туралы корей тілінде мақала жазуды ұйғардым. Корей еліне Абай туралы кеңірек мағлұмат беріп, насихаттауға тырыстым. Ол корей ғалымдарына қазақ мұрасына жаңаша көзқараспен қарауға септігін тигізеді», - дейді мақала авторы Дастан Ақаш.

Автор мақала арқылы керей елінің тек Абайды ғана емес, қазақ халқының салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен де таныс болатынын жеткізді.

Автор: Динара Доспан

Хабар 24 телеарнасы